Басты бетЖүрек стрейн-ультрадыбыстық зерттеуінің жаңа әдісі

Жүрек стрейн-ультрадыбыстық зерттеуінің жаңа әдісі

Жүрек стрейн-ультрадыбыстық зерттеуінің жаңа әдісі

Ұлттық госпитальдың ультрадыбыстық зерттеу бөлімінде жасанды интеклект көмегімен аса дәл тексерулер жүргізіледі. Жоғары сапалы Vivid E95 құрылғысы сол және оң қарыншалардың, сондай-ақ сол жүрекшенің стрейн-талдауын жасауға мүмкіндік береді. Бұл дәрігерге жүрек жеткіліксіздігінің кәдімгі ультрадыбыстық зерттеу кезінде байқалмайтын алғашқы белгілерін анықтауға жол ашады. Зерттеу жүрек ауруларын белгілері әлі білінбеген ерте кезеңде анықтау үшін ерекше маңызды. Сонымен бірге, бұл тәсіл диастолалық қызметтің бұзылуын табуға мүмкіндік береді, ол созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар және химиотерапия алып жүрген науқастар үшін айрықша мәнге ие.

Құрылғы жүректің төртөлшемді көрінісін жаңа деңгейге көтеріп, оны нақтылы уақыт режимінде, түрлі түспен, кеңістікті жан-жақты шолып, қозғалысын айқын бейнелей көрсетеді.