Ұлттық госпитальдің зертханасы жалпы клиникалық, гематологиялық, иммунохимиялық, биохимиялық, коагуляциялық, ПТР, ИФА, аутоиммундық және бактериологиялық секілді кең зертхана ҚР СТ ISO 15189-2023 стандартына сәйкес аккредиттеуден өтті. ауқымды зерттеулерді атқарып келе жатқан бөлім. Осы жылдың 27-31 мамыр аралығында Аккредиттеу дегеніміз, ұжымның белгілі бір саладағы жұмыстарды орындау құзыреттілігінің ресми танылуы.
- Біздің зертхананың бірнеше бағыттағы жұмысының маңыздылығы бағаланды. Атап айтқанда басқару жүйесі (зертханалық құжат айналымы, іс қағаздарын, журнал жүргізу), қызметкерлердің біліктілігі (дипломдар, біліктілікті арттыру, қосымша оқыту), зертханалық орындардың сәйкестігі (жұмыс алаңдары, сақтау орындары, температура мен ылғалдылықты бақылау), жабдықтар мен реагенттер (калибрлеу, калибрлеу сертификаттары, сақтау шарттары, тексеру) - дейді зертхана меңгерушісі Гүлдана Дүйсебаева.
Ұлттық госптитальдің зертханасы сынақ нәтижелерінің жоғары дәлдігін, қайталануын және метрологиялық қадағалануын қамтамасыз ететін заманауи медициналық жабдықтарды пайдаланады. Барлық анализаторлар ҚР тіркелген және тұрақты тексеруден, техникалық қызмет көрсетуден және валидациядан өткен. Ұжым болашақта зертхананы кең ауқымды сынақ нұсқалары бар автоматтандырылған, жоғары технологиялық анализаторлармен жабдықтауды, емдеу және диагностика процесіне консультациялық қолдау көрсетуді, жоғары аналитикалық дәлдік пен диагностикалық сенімділікпен жаңа зертханалық талдау әдістерін меңгеруді және енгізуді жоспарлаған. Сондай-ақ мамандардың біліктілігі мен тәжірибесін арттырып, құжат айналымын жақсарту арқылы сапа менеджменті жүйесін жетілдіруді мақсат етіп отыр.