Басты бет
›
1 желтоқсан – Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күні
1 желтоқсан – Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күні
1 желтоқсан – Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күні. АИТВ (Адамның Иммунотапшылық Вирусы) - адамға ең қауіпті вирустардың бірі, себебі бұл вирус біздің ағзамыздың инфекциялардан басты қорғанышы иммунды жүйеміздің жасушаларын зақымдайды. АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-тің айырмашылығы қандай? ЖИТС (Жүре пайда болған ИммуноТапшылық Синдромы) – бұл АИТВ инфекциясының соңғы, ең ауыр және қайтымсыз кезеңі. Ағза өзінің қорғаныш қабілетін жоғалтады, ешқандай, тіпті ең қарапайым инфекциялар мен ауруларға да қарсы тұра алмайды. ЖИТС-пен ауыратын адамдарда көптеген ауыр дерттер, олардың ішінде қатерлі ісіктер де пайда болып, соңы өлімге әкеледі. Қандай белгілер сақтық тудыруы қажет? Бұл аурудың көптеген белгілері АИТВ-мен байланысты емес басқа аурулардың белгілеріне ұқсас. Келесі жағдайларда дереу, кешіктірмей дәрігерге қаралу қажет: • мойын, қолтықасты және шап аймағында ұлғайған лимфа түйіндері; • дене температурасының ұзақ уақыт бойы көтерілуі және түнімен терлеу;