Холестерин – бұл майдың бір түрі. Сізге қажетті барлық холестеринді бауыр бөліп шығарады, алайда кейбір тағамдардың да құрамында холестерин бар.
Қан тамырларында холестерин өте көп жиналса жүрек пен қан тамырлары жұмысының бұзылу қаупі туындайды. Мұндай мәселелер жүрек-қан тамырлары аурулары немесе ЖҚА деп аталады.
Холестерин деңгейін бақылауда ұстау ұсынылатын тағамдар:
Әр түсті жемістер мен көкөністер.
Бұршақ, тұтас дәнді нан, жармалар, макорондар және тазартылмаған күріш сияқты құрамында жасұнық көп тағамдар.
Майсыздандырылған сүт өнімдері, мысалы, майлылығы 1% сүт.
Майсыз ет және терісі алынған құс еті (тауық, күркетауық, үйрек). Күніне 5 унциядан (150 г.) көп емес (шамамен бір колода карта мөлшерінде).
Ақсерке, тунец және скумбрия сияқты майлы балық (қыздырылып пісірілген немесе грильде пісірілген), аптасына екі рет.
Аздаған мөлшерде жаңғақтар мен шешімке (аптасына 4-5 өлшем). 1 өлшемі шамамен гольфқа арналған доптың мөлшеріне сәйкес келеді.
Зәйтүн және рапс майы сияқты қанықпаған қышқылды өсімдік майлары, күніне 2 ас қасық (шамамен пинг-понг добының мөлшеріне сәйкес келеді).