Әлемнің 15 елінен келген жетекші нейрохирургтар қазақстандық дәрігерлермен бірлесіп күрделі операцияларды ОКА базасында онлайн режимде жүргізеді. 16 желтоқсанда Алматыда «Үшінші NEUROADDICTS курсы», эндоваскулярлық стратегиямен қатар анастомоздарды емдеу бойыншамикрохирургиялық шеберлік-сынып және «Жетінші халықаралық пікірталас нейрокурсы: неврологиялық сессия» ашылады. Отандық медицина үшін бұл бұрын-соңды болмаған оқиға, өйткені нейрохирургия данышпандары кездеседі және олардың күрделі саласының проблемаларын бірлесіп талқылап қана қоймай, сонымен қатар онлайн режимде ірі әлемдік клиникаларға трансляцияланатын операциялар жүргізеді. Курстардың ұйымдастырушылары ҚР ПІБ МО Орталық клиникалық ауруханасы, «Қазнейро тамырлы және интервенциялық нейрохирургия және неврология қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Neuroaddicts» қоғамы және аз инвазивті неврологиялық емдеудің Еуропалық қоғамы болды.
Конференцияны Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасыМедициналық орталығының басшысы Алексей Цой, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Серік Ақшолақов және ОКА АҚ президенті Асхат Бралов ашады. АҚШ, Франция, Германия, Испания, Португалия және басқа да көптеген елдердің мамандары ми аневризмаларын, артериовеналық мальформация мен инсультті ұйымдастыру, диагностикалау және заманауи нейрохирургиялық емдеу мәселелерін талқылайды.
Бұл маңызды оқиғаның СОВМИНДЕ өтуі кездейсоқ емес, дәл осы ауруханада жылына мыңнан астам операция жасайтын мықтынейрохирургиялық қызмет құрылды.
- Біз үш тармақты жүйкені емдеуде көшбасшымыз, жылына осындай 100-ден астам операция жасаймыз. Сонымен қатар бұл ми қан тамырлары мен инсульт проблемаларын емдеу бойынша референтті орталық болып табылады. Сондықтан біздің шетелдік әріптестеріміз дәстүрлі түрде СОВМИНауруханасында кездеседі, бірақ біз алғаш рет жаппай кездесіп отырмыз, - деді ОКА нейрохирургия орталығының басшысы Мыңжылқы Бердіходжаев.