Алматыда нейрохургия әлеміндегі ірі оқиға - эндоваскулярлық стратегия тандеміндегі анастомоздарды емдеу бойынша «Үшінші NEUROADDICTS курсы» микрохирургия саласы бойынша шеберлік сыныбы және «Жетінші халықаралық дискуссиялық нейрокурс: неврологиялық сессия» өткізілді. Әлемнің 15 елінен келген жетекші нейрохирургтар өз саласының соңғы жетістіктерін талқылады, бұдан басқа олар қазақстандық дәрігерлермен бірлесіп Орталық клиникалық аурухана базасында онлайн режимде ми тамырларының аневризмасын алып тастау және стеноздарды емдеу бойынша 7 күрделі операция жасады.
Курсты ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы, «Қазнейро» тамырлық және интервенциялық нейрохирургия және неврология қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Neuroaddicts» қоғамы және Еуропалық аз инвазивті неврологиялық терапия қоғамы ұйымдастырды.
Нейрохирургия – күрделі мамандықтардың бірі, өйткені операцияларды бүкіл ағзаны басқаратын басты «процессорға» жасайды. Дәрігерлер компьютерлік және магниттік томографтар, микроскоптар, шамадан тыс дәлдіктегі берілістер, анықтау жүйелері сияқты ең алдыңғы қатарлы технологияларды және техниканы қолданады, олар тіпті құрсақтың ішінде операция жасауды да үйренген.
-Бұдан 20 жыл бұрын қазіргі міндеттерді орындай аламыз деген ой бізге тіпті келмеген, сондықтан да келесі 20 жылда нейрохирургтар не істей алатынын ойлаудың өзі қиын. Біз әлі біртіндеп, мысалы, адам миын алмастыру немесе чип салу сияқты аса микроскопиялық операциялар жасауға да келеміз, - деп өз ойымен бөлісті Германиядағы Рене Чарот госпиталінің радиология профессоры Альфред Крупп, - сонымен бірге біз үшін Алматыда өткізілетін осындай конференциялар өте маңызды. Сондай-ақ, қазақстандық нейрохирургтардың деңгейін атап айтқым келеді, олардың әдістері, шешімдері біздің практикамыз үшін қызықты болып табылады.
- Нейрохирургия саласының алғашқы қарлығаштары француз , американдық және неміс дәрігерлері болған және солай болып қала бермек және де осы елдерден профессорлардың өз тәжірибесімен бөлісуге бізге келуі аса маңызды, - деп өз ойын білдірді ҚР ПІБ МО ОКА нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Саршаев, - Қазақстан әлемнің жетекші клиникаларынан қалыспай келеді, біздің клиникамыздың нейрохирургия орталығының басшысы Мынжылкы Бердиходжаевты басқа елдерге осындай конференцияларға үнемі шақырады, онда ол баяндамалар жасайды, бұл дегеніміз біздің әдістемелеріміз маңызды және бізге құлақ асады дегенді білдіреді. Жалпы алғанда, нейрохирургтарға таласатын ештеңе жоқ, бәріміздің мақсатымыз – адамдарға көмектесу. Қазіргі таңда инсульт бүкіл әлемде ең өзекті мәселе болып тұр, әрбір он күн сайын Қазақстанда 40 мыңға жуық адам соны басынан кешіруде және олардың 10%, өкінішке орай, қайтыс болуда. Сондықтан нейрохирургтардың бірініші кезектегі міндеті - инсультті болдырмау, жүз пайыз емдеуге қол жеткізу.
- Ең алдымен, біз операциялар жұрттың бәріне қолжетімді және қазіргіге қарағанда арзандау болуына қолжеткізуіміз керек деп ойлаймын, әйтсе де нейрохирургия — қазір өте қымбат тұратын сала болып отыр, - деп хабарлады Гамбург университеті медициналық орталығының иагностика және интервенциялық нейрохирургия департаментінің директоры Джейнс Фихлер, - Біздің жұмысымыз радиациялық тұрғыдан да қауіпті және де операциялар дәрігерлердің өзі үшін де қауіпсіз болуына ұмтылуымыз қажет. Нейрохирургтардың арасында әйелдердің де келуіне қуанамын, олар да бұл салаға өз үлестерін қосады деп ойлаймын.
Конференцияға 250 дәрігер офлайн режимінде және 800 аса дәрігер онлайн режимінде қатысты. Мұндай іс-шаралар Қазақстанда 2016 жылдан бері өткізіліп келеді және осындай дәстүрдің жалғасын тауып келе жатқаны маңызды.
Нейрокурс аясында 7 күрделі операция жасалды, емдеудің жаңа әдістері енгізілді. Енді ең жаңа технологиялар қазақстандық пациент тер үшін қолжетімді болмақ.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға осы конференциядағы белсенді де жемісті жұмыстары үшін алғысын білдіреді және барлығының 2023 жылы тағы да осындай іс-шаралардан табылуын күтеді.