Басты бет
›
Әркім ұстана алатын дұрыс тамақтанудың он ережесі
Әркім ұстана алатын дұрыс тамақтанудың он ережесі
Әркім ұстана алатын дұрыс тамақтанудың он ережесі.
1. Тек табиғи өнімдерді пайдаланыңыз.
Духовкада қыздырылып пісірілген ет дүкендегі шұжықтардан пайдалы.
2. Өңделген тағамдарды шектеңіз.
Бұл ақ нанның орнына тұтас дәнді нан, ал ақ күріштің орнына қоңыр түстісін жеген дұрыс дегенді білдіреді.
3. Жемістер мен көкөністерді күнделікті жеген дұрыс.
Күніне 300 грамнан кем емес жаңа піскен жеміс пен көкөніс жеуге тырысыңыз.
4. Нәруызды тағамды көбірек жеңіз. Біріншіден, ол ұзақ уақыт тойымдылықты сезінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, баға жетпес амин қышқылдарына бай.
5. Әр түрлі өсімдік майын пайдаланыңыз.
Егер ас үйде әр түрлі майдың 4-5 бөтелкесі тұрса, бұл өте жақсы.
6. Күн тәртібін ұстаныңыз.
Күніне 3-4 рет тамақтануға тырысыңыз, өйткені 5 сағаттан астам үзіліс метаболизмді баяулатады және ағзаны энергияны үнемді жұмсауға икемдейді. Нәтижесінде денеде май қыртыстары жиналады.
7. Жылдам ыдырайтын көмірсуларды шектеңіз. Тәттілер мен тәтті тоқаштардан алынған қант қанға тез сіңеді және глюкоза деңгейін бірден жоғары көтереді әрі оның түсуі де сондай қарқынды болады. Қант деңгейінің мұндай күрт ауытқуы ағзаға теріс әсер етеді.
8. Тұзды абайлап қолданыңыз.
Қарапайым ас тұзын теңіз немесе гималай тұзымен ауыстырған дұрыс. Өйткені теңіз тұзында 90-ға дейін микроэлементтер бар.
9. Су ішіңіз.
Кофе мен шырындар суды ауыстыра алмайтынын есте ұстаңыз.
10. Тамақты дұрыс дайындаңыз.
Жылумен барынша аз өңдеу - тағамның тұтастай құрылымын сақтаудың кепілі.
Кейде өзіңізге шұжық сэндвичін немесе тәтті тоқаш жеуге ерік беру - қылмыс емес.
Ең бастысы - мұндай мәзір күнделікті рационға айналмағаны дұрыс.