Басты бетСОВМИН АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ

СОВМИН АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ

СОВМИН АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ
Орталық клиникалық аурухана командасының құрамында әр түрлі мамандықтағы алты дәрігер жұмыс істейді, олардың ішінде жетекші нейрохирург, нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Саршаев бар. Ол 23 жыл бұрын Бішкек мемлекеттік медициналық академиясын бітірген, одан кейін Астана Медициналық университетінде оқыған, «Болашақ» бағдарламасы бойынша «Академик Н.Н. Бурденко атындағы Нейрохирургия ұлттық медициналық зерттеу орталығы» ФМАМ-да «Нейрохирургия» мамандығы бойынша оқудан өтіп, болашағынан зор үміт артатын жас маман ретінде жақсы әсер қалдырды. Клиникалық ординатураны аяқтағаннан кейін Тараз қаласының №1 ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінде жұмыс істеді, ол жерде «Қаланың ең үздік жас дәрігері» конкурсына қатысып, гран-приді жеңіп алды. 2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық конкурстың жеңімпазы атанды. ОКА-да Марат Аманғалиұлы Саршаев 7 жылдан бері жұмыс істейд, Оңтүстік Корея, Малайзия, Түркия, БАӘ, Хорватия, Франция, Ресейдегі түрлі халықаралық семинарлар мен курстарда білімін жетілдіріп отырады. Дәрігер ми мен жұлындағы ісіктерді алып тастау, омыртқа патологиялары бойынша ми тамырларына эндоскопиялық, эндоваскулярлық және микронейрохирургиялық операциялар жасауға мамандаған, жұлындық және тригеминальды ауруды хирургиялық емдеумен айналысады. - Қазақстан, оның ішінде біздің аурухана әлемнің алдыңғы қатарлы клиникаларынан кейін қалмайды. Бізде жақсы тәжірибе, жабдық, білім бар. Бәрінен бұрын біздің бұл операциялар барлық мұқтаж адамдарға қолжетімді болуы керек деп ойлаймын, деп атап көрсетті нейрохирург.