- 4 500-ден астам операция, 133 000 консультация өткізілді;
- 3 500-ден астам отандық және шетелдік медициналық турист тартылды;
- Стационарда 10 000 пациент емделді;
- Жедел жәрдемнің 3 500-ден астам шақыртуына қызмет көрсетілді;
- 37 инновация енгізілді;
- 170-тен астам жаңа маман жұмысқа қабылданды;
- 1 400 000 зертханалық талдау жүргізілді;
- Сәулелік диагностика бойынша шамамен 35 000 зерттеу орындалды;
- 83 000-нан астам ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді.
Қазақстанда алғаш рет 2 инновациялық технология енгізілді:
- Тотальды гастрэктомиядан кейін жіңішке ішек резервуарын қалыптастыру;
- Алдыңғы құрсақ қабырғасын тіліксіз, протективті илеостомамен тік ішектің тотальды аз инвазивті төмен алдыңғы резекциясы;
- 5 маман жетекші шетелдік клиникаларда тағылымдамадан өтті;
- 10 маман PNF Халықаралық қауымдастығының халықаралық сертификатталған PNF курсынан өтті;
- Ұлттық госпиталь дәрігерлері Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 12 ғылыми мақала жариялады;
Бірқатар халықаралық конференциялар өткізілді:
- «Мейіргер ісін дамытудың перспективалары: инновациялар, білім беру және практика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция;
- «ІІ Ұлттық геронтологиялық конференция»;
- «Sovmin Forum 2025»;
- Жас ғалымдардың ІІІ республикалық конференциясы;
- Х-Халықаралық дискуссиялық нейрокурс;
- Румынияда өткен «European Society of Paediatric Infectious Diseases Meeting» халықаралық конференциясы;
- Қазақстан медицинасы тарихында алғаш рет Ұлттық госпитальдің рентгенэндоваскулярлық хирургі Мыңжылқы Бердіқожаев Парижде өткен беделді LINNC (Live Interventional Neuroradiology & Neurosurgery Course) халықаралық конференциясы аясында хирургиялық араласулар бойынша тікелей эфирде онлайн мастер-класс өткізді;
- Бұдан бөлек, республикалық БАҚ біз туралы 120 рет материал жариялап, сюжет түсірді;
- Әлеуметтік желідегі парақшаларымызды 2,6 млн адам көрді - бұл алдыңғы көрсеткіштен 5 есе көп;
- 2 500 жаңа жазылушы қосылды;
- Ең көп қаралған жазба - мейіргерлік қызмет жетекшісі Анастасия Зоринаның медицина қызметкерлерінің эмоциялық күйзеліске ұшырауы туралы ақпараты болды, сондай-ақ нейрохирургтер де жоғары белсенділік көрсетті.