Шап жарығын лапароскопиялық жолмен алып тастау – дәстүрлі ашық әдіспен салыстырғанда бірнеше артықшылығы бар заманауи және тиімді емдеу тәсілі. Ұлттық госпитальдің дәргерлері өткен жылы осы тәсілді науқастарға сәтті қолданған болатын. Ұлттық госпитальдің хирургия бөлімщесінің хирург дәрігері Ернұр Ахметовтен жаңа әдіс жайлы мағлұмат алған едік.
– Лапароскопиялық хирургияның артықшылықтары тіндердің жарақаты аз болады. Кесілген жерлер шамамен 5 мм болып, асқыну қаупін азайтады және жылдам қалпына келеді. Сондай-ақ науқастардың операциядан кейінгі ауырсынуды сезінуі азайып, қалыпты жағдайға оралуы жылдамдайды.
Емделушілердің көпшілігі 2-3 күн ішінде белсенді әрекеттер жасауға тырысады- дейді Ернұр Құрбанәліұлы.
Дәрігер лапароскопиялық хирургия жарықшаның қайталану ықтималдығын азайтатынын атап өтті. Кішкентай тыртықтар іс жүзінде онша көрінбейді екен. Ал дәстүрлі әдістен айырмашылығы тесік өлшемінің көлемі. Лапароскопиялық хирургияда кішігірім пункциялар болса, дәстүрлі әдісте 6-8 см кесуді қажет етеді. Қалпына келтіру уақытында да айырмашылықтар бар. Лапароскопиялық хирургия науқасты 2-3 күнде тезірек қалпына келтірсе , ал дәстүрлі әдісте ұзағырақ, 1-2 аптада кетеді екен.
-Асқыну қаупіне келетін болсақ, лапароскопиялық хирургияда инфекция және қан кету сияқты асқынулардың қаупі аз болады. Жалпы алғанда, шап жарығын лапароскопиялық жолмен алу оның тиімділігіне, қауіпсіздігіне және тез қалпына келуіне байланысты ерекше емдеу әдісі болып табылады. Дегенмен, бұл әдісті таңдау науқастың жағдайына және дәрігердің ұсыныстарына байланысты- дейді Е.Ахметов.