Басты бетАбайлаңыз бруцеллез

Абайлаңыз бруцеллез

Абайлаңыз бруцеллез

Қазақстанда бруцеллез ауруларының саны артып келеді. Соңғы үш жылда Қазақстанда ресми деректер бойынша екі мыңнан астам адам қауіпті инфекцияны жұқтырған.

Денсаулық сақтау министрлігі малды союдан кейінгі ет пен үйдегі сүт өнімдерін сатуды бақылаудың болмауымен байланыстырды. 2,1 мыңнан астам ауылдық округтердің тек 30%-да  ғана ветеринариялық пункттері бар, олардың көпшілігі нашар жабдықталған. Тіркелген 1 164 мал сою алаңының тек 497 - сі жұмыс істейді, бұл фермерлерді ветеринарлық бақылаусыз мал союды жүргізуге мәжбүр етеді.

- Бруцеллез біздің мал шаруашылығы өңіріміз үшін әрқашан эндемикалық болды,-деп қосты Ұлттық госпитальдің жұқпалы аурулар дәрігері Сәуле Шагманова, - ауру қызбамен, буын ауруы, терлеу, температура, қалтырау, айқын бас ауруы белгілерінен басталады. Инфекцияны зертханаларда жасалатын арнайы сынақтардың көмегімен ғана анықтауға болады.

Адамнан адамға ауру берілмейді. Алайда, бұл дерт жедел емдеуді қажет етеді, себебі ол мүгедектікке әкелуі мүмкін.