-Бүгін зейнеткерлік демалыстың алдындағы соңғы кезекшілігімді өткіздім. Шынымды айтсам, әріптестерімді қимай тұрмын -дейді Ұлттық госпитальдің кардиоваскулярлық бөлімшесі операция жасау кабинетінің мейірбикесі Гүлзина Акимбекова. 44жыл медицина саласында қызмет еткен ол еңбек жолын мектеп қабырғасынан соң №12- орталық клиникалық ауруханада жедел операция жасау бөлімінде бастаған. 1982-85 жылдары Алматы қаласының медициналық колледжінде оқып, мейірбике мамандығын алып шықты. Қаладағы №7 клиникалық аурухана ашылғанда операция жасау бөліміне жетекші маман ретінде шақырылыпты. Ал 1993 жылдан бастап Ұлттық госпитальде қызмет етіп келеді. Жұмыс істей жүріп, 2002-2004 жылдары академиялық бакалаврды мейрбике ісі мамандығы бойынша тәмамдаған.
-Қызмет барысында есте қалатын жағдайлар өте көп. Ұлттық госпитальде тұңғыш рет лапароскопия арқылы операция жасаған медицина ғылымдарының докторы Н.Қазыбаевпен, профессор С.Байжановпен осындай тарихи сәтті бірге өткізгенім мәңгі есімде қалды. Сондай-ақ академик М.Әлиевпен, профессор Т.Сұлтанәлиевпен, Е.Айдарханұлы сынды дәрігерлерден үйренгенім көп. Ұрпақтар сабақтастығы десек, менің маман болып қалыптасуымы осындай азаматтар үлкен үлес қосты-деп еске алды Г.Тұралықызы
Медицина қарқынды дамып, жаңа технологияларды қолдану барысы мамандардан біліктілікті талап етеді. Г.Тұралықызы өзі жұмыс істейтін бөлімшеде кардиовакулярлық, эндоваскулярлық интервенцияда ренген сәулесі арқылы операция жасау тәсілдерін де меңгерген. Бүгінгі күні Д.Маханов, С.Төлеуханұлы, Е.Салаватұлы сынды әріптестерімен бірге талай адамды ажалдан арашалап қалса, артимология отасында Р.Реквава, Г.Маратқызы секілді жоғары санатты дәргерлермен қоян-қолтық жұмыс істеген. Адал еңбек әрқашан бағаланады.ҚР Президенті іс басқармасының 30жылдығына орай Г. Акимбекова төсбелгімен марапатталған. Талай жасқа білгенін үйретіп, тәжірибесін ортаға салып келе жатқан маманды әріптестері сый құрметпен шығарып салды.
-Ендігі жоспарым – бала-шаға, немерелеріме көбірек көңіл бөлу. Достарыммен саяхатқа шығамын. Елімізді аралап, тамаша табиғат пен тарихи орындардан ләззат алсам деймін. Таңы бір мақсатым- шет елдерге сапарлап, таным көкжиегімді одан әрі кеңейту. Ал, Ұлттық госпиталь ұжымы менің мәңгі жүрегімде қалады-дейді Г.Тұралықызы.