Ұйымдастырушылардың шақыруымен Ұлттық госпиталь директорының ғылым, білім және стратегиялық медициналық даму жөніндегі кеңесшісі Жанара Құсымжанова және Ұлттық госпитальдың Инновациялар және білім беру орталығының жетекшісі Асия Исаева Шанхай қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің метаболикалық аурулар бойынша алғашқы академиялық отырысына қатысты.
Ұлттық госпиталь өкілдері халықаралық әріптестермен метаболикалық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін, медициналық технологияларды дамыту мәселелерін және ШЫҰ елдері арасындағы ғылыми ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады. Metabolic Medical Center (MMC) жобасы аясындағы бірлескен жұмыстың перспективаларына ерекше назар аударылды.