Басты бетFAQ (сұрақтар мен жауаптар)

FAQ (сұрақтар мен жауаптар)

Неліктен жаңа корпус салу туралы шешім қабылданды?
Жаңа корпустың құрылысы 1950–1970 жылдары салынған ғимараттардың физикалық және моральдық тұрғыдан айтарлықтай тозуына байланысты қолға алынды.
Ғимараттардың тозу деңгейі 70%-дан асты.
Техникалық тексерулер барысында жарықтар, көтергіш конструкциялардағы ақаулар және инженерлік инфрақұрылымның едәуір тозғаны анықталды.
 
Жаңғырту жобасы аясында не салынады?
Жоба аясында 300 төсек-орынға арналған жаңа емдеу кешені және 15 заманауи операциялық бөлме салынады.
 
Құрылыс кезінде госпиталь жұмысын жалғастыра ма?
Иә, госпиталь өз қызметін тоқтатпайды.
Амбулаториялық және стационарлық емдеу бұрынғы тәртіппен жалғасады.
 
Құрылыс пациенттерді қабылдауға әсер ете ме?

Жоқ, пациенттерді амбулаториялық қабылдау госпитальдың емханасында өзгеріссіз жүргізіледі.
 
Құрылыс қанша уақытқа созылады?
Жобаны іске асыру мерзімі – 2026–2029 жылдар.
 
Госпитальдың қолданыстағы ғимараттары сүріле ме?
Жоба аясында 1950–1970 жылдары салынған ескі ғимараттар – Бәйсейітова көшесіндегі емдеу корпусы, әкімшілік және шаруашылық корпустары сүріледі.
Негізгі емдеу корпусы қалыпты режимде жұмысын жалғастырады. Жаңа кешен пайдалануға берілгеннен кейін негізгі емдеу корпусы күрделі жөндеуге жабылады.

Жоба аяқталғаннан кейін пациенттер қандай артықшылықтарға ие болады?
Жоба аяқталған соң пациенттер заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырылған және жайлы палаталары бар жаңа клиника қызметін пайдалана алады.
Клиника қауіпсіздік бойынша барлық ұлттық және халықаралық стандарттарға толық сәйкес болады.
 
Медициналық жабдықтар жаңартыла ма?
Иә, жоба аясында медициналық жабдықтардың жаңарту қарастырылған.
 
Құрылыс жұмыстары кезінде пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
Жобаны іске асыру кезеңінде дыбыс оқшаулағыш қоршаулар орнатылады, пациенттер үшін қауіпсіз қозғалыс бағыттары ұйымдастырылады және қажет болған жағдайда медициналық персоналдың сүйемелдеуі қамтамасыз етіледі.
 
Құрылыс барысы туралы өзекті ақпаратты қайдан алуға болады?
Құрылыс барысы туралы өзекті әрі сенімді ақпарат госпитальдың ресми сайтында – www.snh.kz, сондай-ақ Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі @sovminka парақшаларында жарияланып отырады.
 
Қабылдауға жазылудың бұрынғы тәртібі сақтала ма?
Иә, қабылдауға жазылу бұрынғы тәртіппен колл-орталық арқылы жүзеге асырылады:
7071, 8-727-338-43-10, 8-776-338-43-10.
 
Госпиталь аумағындағы кіру жолдары мен қозғалыс бағыттары өзгере ме?
Иә, стационарлық емдеуге жатқызылатын пациенттерді қабылдау Жамбыл көшесі жағындағы бақылау-өткізу пункті арқылы жүргізіледі.
Емхана қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.

 

Құрылыс госпитальға келу мен автотұраққа қалай әсер етеді?
Құрылыс кезеңінде госпитальға кіру Жамбыл көшесі жағынан қолжетімді болады.
Емхана қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.