Басты бетК.Әзірбаев түркі әлеміне таныстырылды

К.Әзірбаев түркі әлеміне таныстырылды

К.Әзірбаев түркі әлеміне таныстырылды

Түркияның «Temrin» ой және әдебиет журналының 150-мерейтойлық санында қазақ әдебиеті мен рухани мұрасына арналған мазмұнды мақалалар топтамасы жарық көрді. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері мен ұлттық сөз өнерінің маңызды қырларын түркі оқырманына таныстыруды мақсат басылымның   әдебиеттану, мәдениеттану және түркітану бағыттары бойынша ерекше ғылыми-танымдық орыны бар. 

Мерейтойлық нөмірде   Ұлттық госпитальдің  мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маманы, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Өтеннің  «Kenen Äzirbayulı’nın Atışma Ustalığı» атты ғылыми-танымдық мақаласы түрік тілінде  оқырманының назарына ұсынылды. Айгүл Жақсылыққызының бұл еңбегінің ерекшелігі – қазақ әдебиеті мен ұлттық сөз өнерінің көркемдік құндылықтарын түркі халықтарына ортақ әдеби-рухани сабақтастық тұрғысынан танытуында.

 -Қазақтың айтыс өнері – халқымыздың тарихи жадын, қоғамдық ойлау жүйесін, дүниетанымын, эстетикалық талғамын және тілдік-көркемдік мүмкіндіктерін бойына жинақтаған бірегей мәдени құбылыс. Сондықтан оның көрнекті өкілдерінің шығармашылығын ғылыми айналымда зерделеу – ұлттық әдебиеттанудың маңызды бағыттарының бірі. Cондай-ақ  мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің ғылыми-мәдени әлеуетін арттыру және ұлттық руханиятты дәріптеу бағыттарымен сабақтастастыруды шет қалдырмауымыз керек- дейді  Айгүл Өтен. Ғылым жолы – үздіксіз ізденісті, терең білімді, табандылық пен кәсіби жауапкершілікті талап ететіні белгілі . Осы тұрғыдан алғанда  Айгүл Жақсылыққызының еңбегінің түркі әлемінің беделді әдеби басылымдарының бірінде жариялануы – отандық гуманитарлық ғылым мен ұлттық әдеби мұраны халықаралық деңгейде таныту жолындағы елеулі жетістіктердің бірі. Айгүл Жақсылыққызын ғылыми ізденісінің жемісі тағылымды мақаласының «Temrin» журналында жарық көруімен құттықтап, шығармашылық шабыт, жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!