Басты бетҰлттық госпитальде THE NURSE журналының екінші санының таныстырылымы өтті.

Ұлттық госпитальде THE NURSE журналының екінші санының таныстырылымы өтті.

Ұлттық госпитальде THE NURSE журналының екінші санының таныстырылымы өтті.

Бұл шығарылым ерекше мәнге ие. Ол Совминканың алғашқы бас мейірбикесі Галина  Рыбакованың 101 жасқа толуына арналды.
Іс-шараға Галина Алексеевнаның өзі қатысып, символикалық лентаны қиып, журналдың екінші, шын мәнінде «алтын» шығарылымын ашты.
THE NURSE журналының екінші санының алғашқы данасы Галина Алексеевнаға табысталды. Бұл  оған деген терең құрметтің, ризашылықтың және Совминка мектебінің ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың белгісі болды.
Таныстырылымның ең әсерлі сәттерінің бірі  Галина Рыбакованың шынайы қуанышы мен толқынысы еді. Оның көз жасына толы қуанышты сәті Ұлттық госпиталь тарихын қалыптастырған адамдар туралы естелікті сақтаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте сезіндірді.
THE NURSE журналының екінші санының таныстырылымы жаңа басылымды таныстырумен ғана шектелген жоқ. Бұл  ұрпақтар сабақтастығын, тарих пен бүгінгі күнді тоғыстырған ерекше кездесу болды.
Осындай іс-шаралар кәсіби дәстүрлерді сақтауға, оларды медицина қызметкерлерінің жаңа буынына жеткізуге және Ұлттық госпитальдің өткені мен бүгінінің арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.