Біздің госпиталь Мемлекет басшысының қарқынды дамып келе жатқан жасанды интеллект дәуірінде оқу мәдениетін дамыту және кітапты насихаттау жөніндегі бастамасын қолдады.
Директордың ғылым, білім беру және арнайы медициналық қамтамасыз ету жөніндегі кеңесшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Жанар Кусымжанованың бастамасымен Ұлттық госпитальдің Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері де осы жұмысқа қосылды. Олар 2027–2031 жылдарға арналған «Оқитын ұлт» тұжырымдамасы аясында өткізілетін іс-шараларға қатысады.
Госпиталь үшін бұл – маңызды бастаманы жай ғана қолдау емес. Кітап оқу сыни ойлауды дамытуға, дүниетанымды кеңейтуге, ғылымға деген қызығушылықты арттыруға және жаңа нәрсені үйренуге ықпал етеді. Бұл әсіресе кәсіби дамуды үздіксіз жетілдіруді жұмысының ажырамас бөлігі санайтын жас мамандар үшін аса маңызды.
Біз жасанды интеллект дәуірінде де кітап адамның дамуы, оның ойлау қабілеті мен кәсіби білімін жетілдірудің маңызды құралы болып қала беретініне сенімдіміз.