2026 жылғы 8–9 қазанда Ұлттық госпиталь қызметкерлері Қырғыз Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты «Клиникалық аурухана» мемлекеттік мекемесінің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Адам денсаулығы үшін дәстүрлер мен инновацияларды біріктіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы).
Ұлттық госпиталь конференцияға денсаулық сақтау саласын дамытудың өзекті мәселелері бойынша баяндамалар жасаған төрт қызметкерімен қатысты. Қусымжанова Ж.М. мен Исаева А.М. конференцияның екі секциясында модератор қызметін де атқарды.
- Қусымжанова Ж.М., арнайы медициналық қамтамасыз ету, ғылым және білім мәселелері жөніндегі директордың кеңесшісі, медицина ғылымдарының кандидаты, модератор ретінде қатысып, «Ұлттық госпитальдің кардиологиялық қызметі: тәжірибе, жетістіктер және даму перспективалары» тақырыбында баяндама жасады;
- Исаева А.М., Инновациялар және білім беру орталығының басшысы, модератор ретінде қатысып, «Жас ерекшелігіне қарамастан көшбасшылық: басшылардың жаңа буынының құзыреттері, сенімі және жауапкершілігі» тақырыбында баяндама жасады;
- Зорина А.Л., мейіргерлік қызметтің басшысы, «Мейіргерлік істегі менеджмент: тиімді қызметтің құрылымы, команданы басқару және сапаны бақылау» тақырыбында баяндама жасады;
- Саршаев М.А., нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, «Ұлттық госпитальдің еліміздің нейрохирургиялық қызметін дамытуға қосқан үлесі» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция аясында әріптестік байланыстарды нығайтуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойылды.
Конференцияға қатысу Ұлттық госпитальдің тәжірибесін халықаралық деңгейде таныстыруға, кәсіби жетістіктерімен бөлісуге және Қазақстан мен Қырғызстанның медициналық ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.