ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде Бельгияның Гент университеті делегациясымен медицина, ғылым және білім беру салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған жұмыс кездесуі өтті.
Делегация құрамында медицина факультетінің профессоры Элизавета Падалко және саясат мәселелері жөніндегі кеңесші Анна Сащенко болды.
Кездесу барысында тараптар кәсіби тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, білім беру бастамаларын жүзеге асыру және медицина мамандарының біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар заманауи медициналық технологияларды енгізу, ауруларды анықтау мен емдеу саласында халықаралық тәжірибе алмасу және медициналық көмектің сапасын одан әрі арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестік байланыстарды дамытуға және Ұлттық госпиталь мен Гент университеті арасындағы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын алдағы уақытта бірлесіп талқылауға өзара қызығушылық білдірді.