Басты бет › Ұлттық госпиталь United Medical Expo 2026 көрмесінде цифрлық трансформация тәжірибесін таныстырды

Ұлттық госпиталь United Medical Expo 2026 көрмесінде цифрлық трансформация тәжірибесін таныстырды

Ұлттық госпиталь United Medical Expo 2026 көрмесінде цифрлық трансформация тәжірибесін таныстырды

Науқастарды ауруханаға жатқызу үдерісін қалай жеңілдетуге, ұйымдастырудағы қиындықтарды азайтуға және стационар жұмысының тиімділігін арттыруға болады? Осы мәселелер Астанада өткен United Medical Expo 2026 халықаралық медициналық көрмесінде Ұлттық госпитальдың емдеу ісі жөніндегі директор орынбасары Ғалымжан Галламовтың баяндамасына арқау болды.

Панельдік сессия барысында Ғалымжан Галламов «Ұлттық госпитальда емдеуге жатқызу және науқастарды бағыттау үдерістерінің цифрлық трансформациясы» тақырыбында баяндама жасап, медициналық көмекті ұйымдастыруда заманауи цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Баяндамада жоспарлы емдеуге жатқызу тәртібін жетілдіруге, науқастар легін тиімді басқаруға және стационар бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруге ерекше назар аударылды. Мұндай өзгерістердің басты мақсаты медициналық көмек алу жолын науқастар үшін барынша түсінікті, жүйелі әрі қолайлы ету. Сонымен қатар госпиталь ресурстарын тиімді пайдалану және медициналық қызмет сапасын арттыру көзделген.

Ғалымжан Галламов пилоттық жобаны іске асыру тәжірибесіне де тоқталды. Жобаның алғашқы нәтижелері күнделікті жұмыс үдерістерін оңтайландыруға мүмкіндік бар екенін көрсетіп отыр. Ұсынылған тәжірибе денсаулық сақтау саласының менеджерлері мен панельдік сессия қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды. Әсіресе, науқастарды емдеуге жатқызу тәртібін жетілдіру, олардың легін басқару және стационар қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері ерекше назарға алынды. Жобаны жүзеге асыруда медицина мамандары мен IT-команданың бірлескен жұмысы маңызды рөл атқарады. Бұл науқастардың қажеттіліктерін ескере отырып, тиімді әрі тәжірибеде қолдануға болатын шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.

United Medical Expo 2026 халықаралық көрмесіне қатысу Ұлттық госпитальдың цифрландыру бағытындағы тәжірибесін кәсіби қауымдастыққа таныстыруға мүмкіндік берді. Заманауи технологияларды енгізу медициналық көмек сапасын арттыруға және клиникалық үдерістерді басқаруды жетілдіруге бағытталған госпиталь жұмысының маңызды бағыттарының бірі.