Темекінің адамның денсаулығына зиянын тигізіп, уақыты мен мүмкіндіктерін шектейтіні жайлы үнемі айтылып, жазылып жүр. Бастапқыда зиянсыз әдет болып көрінгенімен, уақыт өте келе ол адамды өзіне тәуелді етіп алады. Ал тәуелділіктен арылу қиынға соғады. Осы тақырыпта Ұлттық госпитальдің салауатты өмір салты дәрігері Ф.Смаилова мағлұмат берді.
Темекі жайлы адамзат баласы бірнеше ғасырдан бері біледі. Ол Еуропаға XV ғасырдың соңында Христофор Колумбтың Америкаға жасаған саяхаттарынан кейін жеткен. Бастапқыда ол бақшаларда сәндік гүл ретінде, кейінірек дәрілік зат ретінде өсірілсе кейінірек темекі шегу көптеген елдерде кеңінен тарала бастаған. XX ғасырда темекі жаппай тұтынылатын өнімге айналды. Әр түрлі жарнамалар темекі шегуді табыстың, еркіндіктің және тартымдылықтың белгісі ретінде көрсетіп келді.
Медицина дамыған сайын ғалымдар темекі шегуден мен өкпе обыры, инфаркт, инсульт және басқа да көптеген аурулар пайда болатынын анықтады. Бүгін темекі — мезгілсіз өлімге апаратын, алдын алуға болатын ең қауіпті факторлардың бірі. Ал қараша айында «темекіні тастауға» арналған арнайы күндерді белгілеу дәстүрі 1970 жылдары АҚШ да пайда болды. Сол кезде қоғам адамдарды кем дегенде бір күнге темекіден бас тартуға шақыра бастады. Бұл қадам адамдардың түбінде темекіні мүлдем тастап кетуіне үміт сыйлауды көздеген еді.
Темекі шегудің қандай қауіптері
Темекі — бұл жай ғана темекі жапырағы мен түтін емес. Шылым шеккен кезде ағзаға мыңдаған улы және канцерогенді заттар енеді. Никотин тәуелділік тудырып, адамды қайта қайта шегуге мәжбүрлейді. Темекі түтіні бүкіл ағзаға әсер етіп, түрлі мүшелерде патологиялық өзгерістерді тудырады. Өкпе және тыныс жолдары аурулары созылмалы бронхит, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) және өкпе обыры дамиды. Тыныс алу қиындап, физикалық жүктемеге төзімділік төмендейді. Жүрек және қан тамырлары: қан қысымының жоғарылап, жүрек соғуы жиілейді, атеросклероз жедел дамып, инфаркт пен инсульт қаупі артады. Онкологиялық аурулар өкпе, ауыз қуысы, көмей, өңеш, асқазан, ұйқы безі, қуық және басқа да мүшелерде қатерлі ісік пайда болуының ықтималдығының жоғарылайды. Жалпы физикалық жағдай: тіндердің қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайды, физикалық төзімділік төмендейді және иммундық жүйе әлсірейді. Репродуктивті денсаулық: бала көтеру қабілеті (фертильділік) төмендеуі мүмкін; сондай-ақ жүктілік кезіндегі асқынулар, мерзімінен бұрын босану және нәрестенің салмағының аз болу қаупі артады. Ең бастысы: темекі шегетін адам өзіне ғана емес, айналасындағылардың барлығына зиян келтіреді-дейді Ф.Смаилова. Бұл тіпті терезені ашып қою немесе басқа бөлмеде шегу темекі түтінінен жеткілікті дәрежеде қорғайды деп ойлайтындарға да қатысты.
Балалар да темекі түтінінен зардап шегеді!
Дәрігердің айтуынша бала ағзасы әлі толық жетілмегентіктен тыныс алу және иммундық жүйелері темекі түтініндегі улы заттарға өте сезімтал келеді. Балалардың темекі түтінін жұтуы (екінші қолмен темекі шегу) мынадай қауіптерді арттырады: жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ), бронхит пен пневмонияның жиі қайталануы, бронх демікпесінің пайда болуы немесе бұрыннан бар демікпенің өршуі, ортаңғы құлақ инфекциялары, өкпенің дамуы мен қызметінің бұзылуы, сәбилердің кенеттен өлу синдромы. Жүктілік кезінде темекі шегу ерекше қауіп төндіреді: никотин және басқа да улы заттар ұрықтың дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Электронды темекілер, вейптер және құрамында никотин бар басқа да өнімдер балалар үшін дәл сондай қауіпті екенін есте сақтау маңызды. Олар кәдімгі темекіге зиянсыз балама емес. Никотин балалар мен жасөспірімдердің миының дамуына кері әсер етіп, есте сақтау қабілетіне, зейінге және оқу қабілеттеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Кез келген жаста темекі шегу денсаулыққа қауіп төндіреді. Темекінің «қауіпсіз» мөлшері деген ұғым жоқ. Жасөспірімдер мен жастар үшін темекі шегу – ағзаның белсенді физикалық даму кезеңінде никотинге тәуелділіктің қалыптасу қаупін тудырады.
Репродуктивті жастағы әйелдер мен ерлер үшін бұл бала көтеруге қатысты қиындықтар туғызып, болашақ баланың денсаулығына кері әсерін тигізетін жағдайларға әкеледі. Орта жастағы адамдарда бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының, инфаркт, инсульт және қатерлі ісіктердің ерте дамуына ықпал етеді. Егде жастағы адамдарда бұл созылмалы ауруларды өршітіп, қозғалыс белсенділігінің, төзімділіктің және өмір сүру сапасыт деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар, темекі шекпейтін, бірақ үнемі темекі шегетін адамдардың жанында болатындар да қауіпті заттардың әсеріне ұшырайды.
Темекі шегуді қойған кезде ағзада қандай өзгерістер болады?
Дәрігердің айтуынша 20 минут ішінде жүрек соғысыңыз бен қан қысымыңыз төмендей бастайды. 12 сағат ішінде қандағы көміртегі тотығының (улы газдың) деңгейі қалыпқа келеді. 2–12 апта ішінде қан айналымыңыз бен өкпе қызметі жақсарады. 1 жыл ішінде жүректің ишемиялық ауруына (ЖИА) шалдығу қаупі, әлі де темекі шегіп жүрген адаммен салыстырғанда, шамамен екі есеге азаяды. Кейінгі жылдары инсульт пен қатерлі ісіктің әртүрлі түрлеріне шалдығу қаупі біртіндеп төмендей береді. Тіпті көп жылдар бойы темекі шеккен болсаңыз да, темекіні тастау кез келген жаста пайдалы!
Темекісіз өмір сүруді қалай бастауға болады?
Темекі шегуді қою – тек ерік-жігерге ғана байланысты емес. Никотинге тәуелділік – күрделі мәселе, сондықтан сізге сырттан көмек қажет болуы мүмкін. Осы орайда дәрігер бірнеше қарапайым кеңесті ұсынады. Темекіні қоятын нақты күнді белгілеңіз, мысалы, 19 қараша – сіздің темекісіз өткізетін алғашқы күніңіз болсын. Темекі шегуді еске салатын заттардан арылыңыз. Темекілерді, оттықтарды және күлсалғыштарды алып тастаңыз, сондай-ақ темекі шегетін адамдармен бірге уақыт өткізбеуге тырысыңыз. Қалыптасқан әдеттеріңізді өзгертіңіз. Темекі шегуге үзіліс жасаудың орнына, серуендеп қайтыңыз, су ішіңіз немесе тыныс алу жаттығуларын орындаңыз. Жақындарыңыздан, отбасыңыздан және достарыңыздан қолдау сұраңыз. Олардың түсінуі мен қолдауына мұқтаж екеніңізді жеткізіңіз. Дәрігермен кеңесіңіз. Маман сізге темекіні тастаудың ең жақсы тәсілін таңдауға көмектеседі және қажет болған жағдайда медициналық көмек немесе никотинді алмастыру терапиясын ұсынады. Дене шынықтырумен айналысыңыз. Жаттығулар сізге тәуелділіктен тезірек арылуға және дене шынықтыруыңызды қалпына келтіруге көмектеседі.
Алғашқы әрекетіңіз сәтсіз болса да көңіліңіз түспесін. Қайталанатын әрекеттер— бұл табысқа апаратын жолға алғашқы қадам. Ең бастысы — айналаңыздағы адамдар туралы ойланыңыз! Сіз өз әдетіңізді жеке ісім деп санауыңыз мүмкін, бірақ жақындарыңыздың жанында темекі тұтатқан сайын, сіз олардың да денсаулығына қауіп төндіресіз.
Бұл әсіресе ата-аналар үшін маңызды! Балалар ересектерге қарап бой түзейді. Егер бала темекі шегу қалыпты жағдай деп саналатын отбасында өссе, оның өзі де темекіні байқап көргісі келеді. Балаларыңызға таза ортада өсуге мүмкіндік беріңіз! 19 қараша — алғашқы қадам жасауға таптырмас сәт. Жасыңыздың қаншада екені, темекі шеккеніңізге қанша уақыт болғаны немесе оны тастауға қанша рет әрекет жасағаныңыз маңызды емес. Өміріңізді бүгін өзгерте алатын істі ертеңге қалдырмаңыз- дейді Ф.Смайлова.