Төмен тығыздықтағы липопротеиндер дегеніміз не? Оның деңгейін бақылау неліктен маңызды? Атеросклероз - жүректің ишемиялық ауруының , миокард инфарктісінің , ишемиялық инсульттың және шеткі артериялар ауруларының негізгі себебі. Бұл — қан тамырларының созылмалы ауруы, оның дамуында төмен тығыздықтағы липопротеиндердің көбінесе «зиянды холестерин» деп аталатын заттардың жоғары деңгейде болуы. Ұлттық госпитальдің кардиолог дәрігері Маргарита Бирюктің айтуынша төмен тығыздықтағы липопротеиндердің (ТТЛП) басты қаупі – олардың шамадан тыс көп болуы артерия қабырғаларында атеросклероздық түймедақтардың (бляшкалардың) түзілуіне әкеледі. Уақыт өте келе бұл қан тамырларының тарылуына және серпімділігін жоғалтуына себеп болады. Нәтижесінде мүшелерді қанмен қамтамасыз ету нашарлап, клиникалық белгілер пайда болады. 60 жастан асқан пациенттердің басым көпшілігінде атеросклероздың қандай да бір түрі анықталады, ал егде жастағы адамдардың 70–80%-дан астамында әртүрлі көріністер мен қан тамырларындағы өзгерістер байқалады.
Әртүрлі топтарға арналған LDL холестеринінің деңгейлері
LDL холестеринінің нысаналы деңгейлері нақты денсаулық жағдайына байланысты өзгереді. Бұл көрсеткіштер жас мөлшері, қан қысымы, қант диабеті немесе бүйректің созылмалы ауруы сияқты сырқаттардың болуы, сондай-ақ бұрын инфаркт, инсульт немесе басқа да медициналық мәселелердің орын алуы сияқты факторларға негізделіп белгіленеді.
Инфаркт немесе инсульт қаупі неғұрлым жоғары болса, LDL деңгейінің көрсеткіші соғұрлым төмен болуы тиіс. Ал сау адамдар үшін деңгей 3,0 ммоль/л, ал қан тамырларының ауыр дерттері бар пациенттер үшін бұл көрсеткіш 1,4 ммоль/л-ден төмен болуы қажет- дейді кардиолог.
Төмен және орташа қауіп
Бұл топқа ешқандай ауыр сырқаты жоқ, қан қысымы қалыпты, қант диабетімен ауырмайтын және зиянды әдеттері жоқ дені сау адамдар кіреді.
Төмен қауіп: төмен тығыздықтағы липопротеидтер (ТТЛ) холестеринінің деңгейі 3,0 ммоль/л-ден төмен болуы тиіс. Орташа қауіпте ТТЛ холестеринінің деңгейі 2,5–2,6 ммоль/л-ден төмен болуы тиіс.
Жоғары қауіп
Бұл топқа ауыр артериялық гипертензия, ұзақ уақыт темекі шеккен, жалпы холестерин деңгейінің жоғары болуы немесе бүйректің созылмалы ауруы сияқты елеулі қауіп факторлары бар адамдар кіреді. Негізі ТТЛ холестерині 1,8 ммоль/л-ден төмен болуы тиіс (немесе бастапқы көрсеткіштен 50%-ға және одан да көпке төмендетілуі қажет)
Өте жоғары қауіп
Бұл топқа жүрек-қан тамырлары аурулары (мысалы, бұрын инфаркт, инсульт, жүректің ишемиялық ауруы немесе атеросклероз болған) диагнозы қойылған науқастар, сондай-ақ ағзаларының (жүрек, ми, бүйрек, қан тамырлары, көз торқабығы және т.б.) зақымдану белгілері бар қант диабетімен ауыратындар жатады. Мұндай жағдайда төмен тығыздықтағы липопротеидтер (ТТЛП) холестеринінің деңгейі 1,4 ммоль/л-ден төмен болуы тиіс. Аса жоғары қауіпті деңгей статинмен емделу кезінде 2 жыл ішінде қан тамырларына қатысты асқынулардың қайталануы. Мақсат —ТТЛП холестеринінің деңгейін 1,0 ммоль/л-ден төмен деңгейде ұстап тұру.
Қауіп факторлары дегеніміз не?
Жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторлары екі негізгі топқа бөлінеді: өзгертуге болатын және өзгертуге келмейтін факторлар. ДДС ұйымының мәліметінше, бақылауға болатын факторларды реттеу арқылы инфаркт пен инсульт қаупін айтарлықтай азайтуға болады.
Бақылауға болатын факторлар
Жүректі қорғау мақсатында мынадай әдеттер мен жағдайларға ықпал етуге болады. Темекі шегу: темекі түтіні қан тамырларын зақымдайды және кенеттен қайтыс болу қаупін арттырады. Қан қысымының жоғарылауы жүрек бұлшық етіне үлкен күш түсіреді. Холестериннің жоғары деңгейі артерияларда бляшкалардың пайда болуына әкеледі. Дұрыс тамақтанбау: диетада тұздың, майлардың және транс майлардың артық мөлшерінің болуы.
Дене белсенділігінің төмендігі: аз қозғалу жүрек пен қан тамырларын әлсіретеді. Артық салмақ және семіздік қан айналым жүйесіне түсетін күш түсіреді.Қандағы қанттың жоғары деңгейі (қант диабеті) қан тамырларының қабырғаларын зақымдайды. Ішімдіктерді жиі тұтыну қан қысымын көтереді және жүрек ырғағын бұзады. Жиі күйзелу тамыр тонусына кері әсер етеді.
Басқарылмайтын факторлар
Бұл биологиялық сипаттамаларды өзгерту мүмкін емес, алайда жалпы тәуекел деңгейін бағалау кезінде оларды ескеру маңызды –дейді кардиолог.
Жас мөлшері: жүрек ауруларының қаупі жас ұлғайған сайын (әсіресе 55–65 жастан кейін) арта түседі. Жынысы: ер адамдар әйелдерге қарағанда бұл ауруға жиірек және ертерек жаста шалдығады. Тұқым қуалаушылық: жақын туыстарда (ата-аналарда) жүрек ауруларының болуы.
Қандағы тығыздығы төмен липопротеидтер (ТТЛ) деңгейінің жоғарылауы әдетте ешқандай ауырсыну белгілерін тудырмайды -дейді дәрігер. Адам өзін жақсы сезінуі мүмкін, ал шын мәнінде оның қан тамырларында атеросклероздық өзгерістер дамып жатқан болуы ықтимал.
Кардиолог М.Бирюк ТТЛ деңгейін бақылау кімдер үшін аса маңызды екенін де атап өтті. 40 жастан асқан адамдар жүрек-қан тамырлары аурулары қаупін уақтылы тексеру керек. Сондай-ақ артериялық гипертензиясы бар пациенттер, қант диабеті немесе бүйректің созылмалы ауруы бар адамдар, артық салмағы немесе семіздігі бар, сондай-ақ физикалық белсенділігі төмен науқастар,темекі шегетін адамдар, жақын туыстарының арасында ерте жаста инфаркт немесе инсульт алған адамдар болғанда және бұрын миокард инфарктісін немесе инсульт алған немесе атеросклероз диагнозы қойылған науқастар үшін бақылау аса маңызды.
Сондықтан холестерин деңгейін үнемі бақылап отыру - жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектеседі. Денсаулық санатыңызды нақты анықтау және қауіп деңгейін бағалау үшін дәрігерлер арнайы есептеу жүйелерін (мысалы, SCORE2) қолданады. Өзіңізді күтіңіз, липидтік профиль (қандағы май алмасу көрсеткіштері) нәтижелерін түсіндіріп алу үшін жалпы тәжірибелі дәрігерге немесе кардиологқа жүгініңіз-дейді М.Бирюкова.