Басты бетҚалқанша без – бұл бүкіл ағзаны қорғап тұратын қалқан,оның гормондары ағзаның барлық зат алмасу п...

Қалқанша без – бұл бүкіл ағзаны қорғап тұратын қалқан,оның гормондары ағзаның барлық зат алмасу процестеріне қатысады

Қалқанша без – бұл бүкіл ағзаны қорғап тұратын қалқан,оның гормондары ағзаның барлық зат алмасу процестеріне қатысады

Қалқанша без – бұл бүкіл ағзаны қорғап тұратын қалқан,оның гормондары ағзаның барлық зат алмасу процестеріне қатысады.

Қалқанша без бізді мыналардан қорғайды:

✔созылмалы шаршау синдромынан

✔күйзелістен

✔ұйқышылдықтан

✔ашуланшақтықтан

✔жылауықтықтан

✔ісінуден

✔терінің құрғауынан

✔шаштың түсуінен

✔іштің қатуынан

✔либидоның төмендеуінен

✔етеккір циклінің бұзылуынан

✔жүктіліктің соңына дейін жетпеуінен

✔иммун жетіспеушілігінен

✔артық салмақтан.

 

Қалқанша бездің жақсы жұмыс істеуі басқа ағзалардың қызметіне байланысты:

  • Қосымша қалқанша бездер. Олар қалқанша безге жапсырылған сияқты болып, қалқанша бездің сыртында орналасады және қандағы кальций мен фосфордың құрамын реттейтін паратгормон бөліп шығарады. Ол жетіспеген жағдайда, екі  қалқанша бездің де көлемі үлкейіп, жұмысы бұзылады.Сонымен бірге сүйек пен тістің өсуі бұзылады, жүйке жүйесінің қозғыштығы артады.
  • Мойын бұлшықеттері. Олар кез келген күйзелістен адреналинге, норадреналинге және кортизолға толады. Бұл гормонды қосынды  ешқайда жұмсалмаса, эмоциялық қысымнан демі тарылған сезім туындайды , әуелі бұлшықеттерді бұғаттап тастайды, ал күйзеліс созылмалы күйге енсе, қалқанша безде түйіндер мен жылауықтар көбеюі мүмкін.
  • Лимфа жүйесі. Қалқанша бездің әр жасушасын тазалайтын тінаралық сұйықтық бастың төбесінен кеудеге түседі және ол қалқанша безді тазаламас бұрын жолай құлақ, мұрын, тамақ, тістерді тазалап өтеді. Ал ол жерлерде созылмалы инфекция болса, лимфа оны қалқанша безге жеткізеді. Міне, сондықтан ауру белгілері байқалса, стоматолог пен ЛОР дәрігерінің консультациясы қажет.

 

Гипотиреоз – бұл қалқанша без жұмысының бұзылуы емес, гормон тапшылығы салдарынан ағзаның ТОЗУЫ.

Гипотиреоз немесе қалқанша без қызметі бұзылуының негізгі белгілері:

  • қатты шаршау
  • әлсіздік
  • ұйқышылдық
  • зат алмасудың баяулауы
  • шаштың түсуі
  • салмақ қосу
  • үнемі аш сезіну
  • есту қабілетінің бұзылуы
  • дауыстың өзгеруі
  • аяқ мен беттің ісінуі
  • метеоризм, іш қату және асқазан-ішек жолдары ауруларының басқа да көріністері.

 

Осы белгілер байқалса, эндокринологқа көрінуіңіз қажет!

Пациенттерге ұсынымдар – қалқанша без саулығын сақтау жолдары:

 

  • Ұйқыны қандырыңыз. Мелатонин қалқанша без жұмысын реттейді. Ұйқыға ең кеш дегенде 23:00-де жатыңыз. Ұйықтар алдында бөлмені желдетіп алыңыз. Мүмкіндігінше түс кезінде 20 минут ұйықтап алуға тырысыңыз.
  • Жан тыныштығы. Кортизол қалқанша бездің бейактив  гормондарын белсенді түрге айналуына кедергі келтіреді, сондықтан жақсы кітап оқып, жағымды музыка тыңдаңыз.
  • Суықтан қорғаныңыз! Салқын тию энергияны жейді, ал гипотиреоз жағдайында ол онсыз да аз.
  • Таза ауада жиі серуендеңіз. Қалқанша без гормондарының синтезі – оттекке тәуелді процесс.
  • Дәрумендермен емделу. Қалқанша без В тобының және С дәрумендерін жақсы көреді.
  • Селен, темір, литий, йод – қалқанша бездің ең жақын көмекшілері. Әртүрлі тағам жеңіз, рационыңызға көкөніс пен жемістерді, теңіз өнімдерін қосыңыз, таза су ішіңіз.
  • Қалқанша без – өте нәзік әрі маңызды ағза, сондықтан жағымсыз әдеттерден аулақ болыңыз. Алкоголь мен темекі өнімдері бездердің жасушаларын бүлдіреді, олардың қызметін бұзады.

 

Аман болыңыз және денсаулығыңызды сақтаңыз!

 

Эндокринолог дәрігер Ж. Восербаева