Басты бетАллергия емделеді

Аллергия емделеді

Аллергия емделеді

Аллегрия  -жер бетіндегі   кең тараған сырқат түрі. Әлем бойынша 40пайызға жуығы  осындай сырқатқа шалдыққан. Оның үстіне сыртқы тітіркендіргіштерге иммундық  әлсіздік балалардан қарттарға дейін барлық жастағы адамдарға тән және жиі созылмалы болып келеді. Аллергияның жиі кездесетін көріністерінің арасында ринит, дерматит және бронх демікпесі бар. 


Аллергиялық реакциялардың көпшілігін бақылауға болады, бірақ кейде анафилактикалық шок сияқты ауыр формалар әлі де кездеседі. Бұл жағдай кенеттен өршіп,  өмірге қауіп төндіруі мүмкін. Президент Әкімшілігінің Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде күндізгі стационары бар аллергологиялық орталық жұмыс істейді.  Онда тәжірибелі дәрігерлер заманауи әдістерді қолдана отырып, ауруды жеңуге көмектеседі. Дәрігерлердің пікірінше,  көбінесе өсімдік тозаңы, азық-түлік, кенелер, үй шаңы, зең, тұрмыстық химия, дәрі-дәрмектер, эпителий, жүн мен жануарлардың қалдықтары әсер етеді. Азық-түліктің 160-тан астам түрі аллерген болып табылады, бірақ олардың тек 8-і ғана тамақ аллергиясының 90% -дан астамын тудырады . Олар - жұмыртқа, сүт, жержаңғақ, ағаш жаңғағы, теңіз өнімдері, соя, бидай және балық. Оның үстіне, олардың ең аллергенділері – жержаңғақ, сүт және теңіз өнімдері. «Аллергияның сирек түрлері де бар, мысалы, біз жақында адам шашына шыдамайтын науқасты емдедік, - дейді аурухана аллергологы Зарина Жәкібаева. Суға да аллергия бар, мұндай адамдар үшін суға түсу қиындау. Жаңбыр, ағаштар, электр, киім, жанасу  жүйке реакциясы емес, аллергия екенін нақты айту қиын. Өкінішке қарай, дәрігерлердің болжамдары бойынша аллергияның ауқымы өсіп келе жатқанын атап өткім келеді. Себебі, ауаның ластануы, экология, дұрыс тамақтанбау, табиғи өнімдердің болмауы, күйзелістер мен психоэмоциональды жағдайлардың  болуы аллергияның асқынуына алып келеді. Біз профилактикалық емдеу әдісіне ең алдымен салауатты өмір салтын ұстануды  және суды көбірек ішіп, жұмыс пен демалс ууақыттарын қатаң сақтауға кеңес береміз.  Алғашқы белгілері байқалған бойда дәрігерге бару қажет.  Аллергияның басталатын уақыты көктем мен ерте күз. Емдеу қыс маусымында, асқынуалар айзайған кезде  жүргізіледі