Басты бетҚыс маусымында кұлау

Қыс маусымында кұлау

Қыс маусымында кұлау

Құлаудың басты себебі - ең алдымен жан-жаққа назар аудармау. Асығыстық, жылдам жүру, жүгіру және тон мен күртешелердің ұзын етегі де құлауға себеп. Тайғақ жолмен жүргенде ұялы телефонмен сөйлесу де адамды алаңдатады. Жолдар мен жаяу жүргіншілер жолын мұз бен қардан тазалауға міндетті коммуналдық қызметтердің уақтылы әрекет етпеуі де бұл қауіпті жиілете түседі –дейді Ұлттық госпитальдің СӨС дәрігері Флюра Смайылова

ҚҰМУ-нің резиденті, терапевт Гүлнәз Құрметбекқызы Хафиз: Неғұрлым қар мен мұздан тазартылған тротуарлармен жүруге тырысыңыз. Баяу қималдап, шаңғышы сияқты сәл сырғанау арқылы аяқ киімнің табанымен мұзды толық басып өтуге тырысыңыз. Табаны жалпақ немесе аласа өкшесі бар аяқ киім киіңіз. Мұзда жүру үшін құрылғыларды қолданыңыз. Табанға жабысқақ сылақ немесе тегістеу қағазын , арнайы құрылғыларды жабыстырыңыз.

Егер тайғақ баспалдақпен жүру қажет болса, тұтқаларды мықтап ұстап, аяғыңыздың астына мұқият қараңыз. Жаяу жүргенде қолыңызды қалтаңыздан шығарыңыз, бұл тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі –деп кеңес береді. Ұялы телефоныңызды тез шығарып, жақын адамдарыңызды немесе жақын адамдарыңызды немесе дәрігерлерді шақыратындай ыңғайлы етіп ұстаңыз. Өзіңізді мұзға құлаудан қорғау үшін қарапайым ережелерді сақтау керек.

Алдымен, аса қажет болмаса үйден шықпаған дұрыс. Егде жастағы адамдарға жалғыз жүрмеуге кеңес беріледі. Шыққан жағдайда оларды алып жүретін адам болуы керек. Өйткені, қарт адамдар құлаған кезде басқаларға қарағанда сынықтар мен басқа жарақаттарға көбірек ұшырайды.