Қатысушылардың бір бөлігі құрамында қанты бар газдалған сусындардың қандағы глюкоза деңгейіне әсерін зерттеуге бағытталған шағын тәжірибеге қатысты. Зерттеу барысында 100 мл кәдімгі «Coca-Cola» сусыны мен 100 мл құрамында қанты жоқ «Coca-Cola Zero» сусыны салыстырылды. Жиналғандар осы сусындарды ішкеннен кейін қандағы глюкоза деңгейінің қалай өзгеретінін өз көздерімен бақылап, нәтижелерін талқылады. Бұл –«Эндокринологтың денсаулық мектебінің» сабағы. 14- қарашада Дүниежүзілік қант диабеті күні атап өтіледі, Осыған орай Ұлттық госпитальдің емханасында қант диабеті бар қызметкерлерге арналған «Эндокринологтың денсаулық мектебі» сабағы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің аталған ауру туралы біліктілігін арттыру, адамның өз денсаулығын өз бетінше басқару дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында қандағы глюкоза деңгейін бақылау, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, қант диабетін емдеу қағидаттары, сондай-ақ ауруға байланысты туындайтын ерте және кеш асқынулардың алдын алу мәселелері қамтылды. Сабақ алдын алу медицинасы және қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының аурулардың алдын алу және салауатты өмір салты мәселелері жөніндегі дәрігері Флюра Смайлов, отбасылық медицина және алғашқы медициналық көмек орталығының эндокринолог дәрігері, PhD докторы С. Д. Асфендияров атындағы ҚҰМУ-нің эндокринология кафедрасының доценті Марал Жүзенова, еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар жөніндегі дәрігер Жібек Айтбаеваларың ат салысуымен ұйымдастырылды . Сондай-ақ шараға қазіргі уақытта Ұлттық аурухананың емханасында эндокринология бойынша клиникалық тәжірибеден өтіп жүрген 6-курс студенттері белсенді ат салысты. Сабақ заманауи оқыту әдістерін қамтитын интерактивті форматта өтті. Студенттер қант диабетіне қатысты мазмұнды сұрақтар дайындап, оларды Kahoot интерактивті платформасы арқылы өткізді. Қатысушылар инсулиннің ашылу тарихы, аурудың өзіндік ерекшеліктері және қандағы глюкоза деңгейін бақылау әдістері бойынша өз білімдерін тексеруді. Ал сабақтың тәжірибелік бөлімі ерекше қызығушылық тудырды. Қызметкерлер студенттермен бірге бірқатар дене жаттығуларын орындады. Физикалық белсенділікке дейін және одан кейін қандағы глюкоза деңгейі өлшенді. Бұл қозғалыстың гликемиялық көрсеткіштерге әсерін айқын дәлелдеп берді.
Сонымен қатар, студенттер қант диабетімен ауыратын адамдарға арналған дұрыс тамақтану қағидаттары туралы ақпарат дайындаған екен. Эндокринолог М.Жүзенова қатысушылардың сұрақтарына толық жауап беріп, ауруды басқару және оның асқынуларының алдын алу бойынша кеңес берді.
Шара барысында интерактивті ойын арқылы жеңімпаздар анықталды.1, 2,3-ші орындарды иеленген қатысушылар төсбелгімен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар, сондай-ақ қант диабетінен туындайтын асқынулардың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстану туралы ақпараттық-білім беру материалдары табысталды.
Бұл сабақ білім мен практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беріп қана қоймай, қызметкерлер арасындағы ашық қарым-қатынас алаңына айналды. Ұлттық аурухананың өз қызметкерлерінің денсаулығына деген қамқорлығын және созылмалы аурулары бар қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттыруға деген ұмтылысын айқын көрсетті.